Головкиннің анасы: Ұлымның жекпе-жегі қуанышқа қарай тез аяқталды

Бұл туралы ол «Бүгін жексенбі» бағдарламасының тікелей эфирінде мәлім етті.

«Көп рахмет! Қазір құттықтаулар қабылдап үлгере алмай жатырмын. Ана ретінде мен ерекше қобалжимын. Ұлымның барлың жекпе-жегін жібермей қараймын. Қуанышқа қарай, бәрі бүгін тез аяқталды. Гена әлі маған хабарласа қойған жоқ. Ол кездесуден кейінгі барлық шаруасын бітірген соң, маған телефон соғады», — деген анасы.

Еске сала кетейік, бұл сұхбат таңғы уақытта алынған.

Қазақстандық Геннадий Головкин бүгін кәсіби бокстағы 35-ші жеңісіне қол жеткізді.