Шығыс Қазақстанда су тасқыны қайталануы мүмкін

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қатысты жағдай жақсарып келеді. Алғашында 1370 үйді су басқан. Қазір Зырян ауданында су астында 220 үй қалып отыр.

«Шығыс Қазақстанда ауа температурасы күрт жоғарылап, жауын-шашын көп түседі деген болжам бар. Осыған байланысты облыстың Зырян және Қатонқарағай аудандарында су тасқыны қайталанады деп отырмыз»,- деді Ю.Ильин журналистерге берген сұxбатында.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында күн райы бұзылады. Сол себепті жергілікті жерде төтенше жағдайлар жөніндегі құрылымдар дайындық шараларына кірісті.

«Астанада жағдай тұрақты. Қаланы қорғайтын гидротеxникалық бөгет әлі толмады. Вячеслав су қоймасынан су көп келіп жатқан жоқ», — деп атап көрсетті Ю.Ильин.

ДереккөзKazinform.kz