31 наурыз күні «Қазақстан аруы» байқауының финалы өтеді

1 сәуірге дейін Тәуелсіздік сарайында «Ұлы дала мұрасы», «Көктем әуені», «Гүлдің нәрі», «Мысли» атты қолданбалы өнер туындыларының, қазақстандық суретшілер шығармаларының көрмелері, және «Благодарность за добро» фотокөрмесі өтеді.

28 наурызда «Жастар» сарайында 09:00-де «Ақ көгершін» балалар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауы, сондай-ақ Қ. Қуанышбаев атындағы театрда 19:00-де «Зере» драмасы, дәл осы уақытта «Астана» концерт залында «К юбилею С. Рахманинова» музыка кеші болады.

29 наурыз күні 11:00-де М. Горький атындағы театр «Приключение Настеньки» ертегісін ұсынса, 19:00-де Қ. Қуанышбаев театры «Тыраулап ұшқап тырналар» лирикалық комедиясын қояды. Театр ертеңіне дәл осы уақытта Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасын көрермендерге ұсынады. Сонымен қатар М. Горький театрында О. Бөкейдің «Последнее причастие» спектаклі болса, жарты сағаттан соң «Астана» концерт залында симфониялық оркестрдің «Музыка кино» концерті басталады.

31 наурыз күні 09:00-де «Жастар» сарайында «Dionis» фетивалі, 11:00-де М. Горький театрында «Приключения Незнайки и его друзей» ертегісі, 18:00-де Т. Уильямстың «Трамвай «Желание» драмасы өтеді. Қ. Қуанышбаев театрында 19:00-де  Ш. Айтматовтың тағы бір туындысы — «Қызыл орамалды шынарым» қойылады.

Дереккөзkazinform.kz