Мұратхан Тоқмәди ұсталды — ҰҚК

«2018 жылдың 8 наурызында шамамен сағат 19.20-да Әбләзовтің тапсырмасымен»Тұран Әлем Банк» АҚ Басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н. Тәтішевті өлтірді деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының тумасы,1966 жылы дүниеге келген Мұратхан Тоқмәди Шәкерханұлы Жамбыл облысындағы облыстық ауруханадан қашып кетті», —  делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатқан сот отырысы барысында Мұратхан Тоқмәди денсаулығының нашарлағанын айтқан. Сол себепті күдікті уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.

«Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Тоқмәдидің қалай және не себепті қашып кеткені анықталып жатыр», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді.

БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

ДереккөзTengrinews.kz