Мұратхан Тоқмәди

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы Мұратхан Тоқмәдиге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлімімен, 287-бабының  3-бөлімімен, 287-бабының 4-бөлімімен айып тағылған. Тергеу барысында айыпталушы өз кінәсін мойындау туралы прокурорлармен процессуалды келісімге келді. Процессуалды келісімге сәйкес сотталушы өзіне тағылған айыпқа қарсылық білдірмеу туралы өз еркімен келісті. Аталған шарт бойынша айыптау тарабы оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы өтініш білдірді. Судья процессуалды келісім шарттарымен келісті.

Нәтижесінде Алмалы аудандық сотының судьясы Мұратхан Тоқмәдиді ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлімімен, 287-бабының  3-бөлімімен, 287-бабының 4-бөлімімен айыпты деп тауып 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Еске сала кетейік, арнайы қызмет өкілдері «Қазстройстекло» компаниясының зауытында тінту жүргізген болатын. Арнайы операция барысында бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Зауыт иесі, бизнесмен ұзақ уақыттан бері ірі қылмыстық топты басқарып келеді. Банданың көшбасшысын бірнеше жылдан бері арнайы қызмет өкілдері мұқият бақылап келген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!