Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Таразда қыз алып қашып, некеге мәжбүрлеген 3 азамат сотталды

Фото: Еlitar.kz

Не болды?

Таразда бойжеткен қызды некеге мәжбүрлеп, алып қашқан үш ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Іс материалдары бойынша, былтыр қазан айында Алматы облысының үш тұрғыны Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын күштеп алып кеткен. Тергеуде олардың мақсаты қызды еркінен тыс тұрмысқа шығуға көндіру болғаны анықталды.

Полиция бұл дерек бойынша адам ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында жәбірленуші қыздың күдіктідің бірімен бес жылдан аса уақыт қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Алайда бойжеткен бірнеше рет оның үйлену туралы ұсынысы келіспеген.

Соған қарамастан, ер адам қызды алып қашуды жоспарлап, екі танысын іске тартқан. Тергеу нұсқасы бойынша, олар алдын ала сөз байласып, күш қолданып, күндізгі уақытта қызды еркінен тыс алып кеткен.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының соты оларды адамды некеге мәжбүрлеу мақсатында ұрлады деп таныды.

Сот шешімімен үш азаматтың әрқайсы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Контекст

Естеріңізге салайық, ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашуды қоғамдағы ең ауыр әрі жабайы қылмыс деп айтты. 

Мақалаға реакция