Ақмола облысында ҚР ҰҚК 25 жылдығына орай мерекелік жиын өтті

Мерекелiк жиында сөз сөйлеген облыс әкiмi М. Мырзалин: «Мемлекет басшысы — ҚР Қарулы күштерiнiң жоғары қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев ұлттық қауiпсiздiк органдары Қазақстанның нағыз тiрегiне айналып, халықаралық қауiпсiздiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi екенiн айтады»,- дедi.

Сондай-ақ аймақ басшысы ҰҚҚ органдарының бүгiнгi күнi елдiң тыныштығын сақтауда, iшкi және сыртқы қауiптерден, ұлттық мүдденi қорғауда басты буын болып отырғанын атап өттi.

Салтанатты шара барысында ҰҚКД бiрқатар қызметкерi мерейтойлық медальдармен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.