Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстан үй интернеті арзан 20 елдің қатарына енді: халық сапасына наразы

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Қазақстан үй интернеті арзан елдің қатарына енді. Алайда елдегі азаматтар интернет құнының арзан болса да, сапасы төмен екенін айтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Global Broadband Price League рейтиңінің мәліметінше, Қазақстан интернетке төленетін орташа айлық құны бойынша 214 елдің ішінде 19-орында. Елдегі үй интернетінің орташа бағасы 15,23 доллар немесе шамамен 7,5 мың теңге.

Зерттеу авторлары Қазақстандағы 11 тарифті талдап, нәтижесінде еліміздің интернет бағасы бірқатар дамыған мемлекеттен төмен екенін анықтаған. Мәселен, Жапонияда үй интернетінің орташа құны айына 32,62 доллар.

Рейтиң әлемнің 214 еліндегі 2 631 интернет тарифінің негізінде жасалған. Сарапшылар тек үй интернетін есепке алып, мобайл интернет пен корпоратив пакеттерін зерттеуге қоспаған.

Дегенмен интернет бағасы сапасына да әсер етеді. Әлеужеліде және тұрғындар арасында байланыстың жиі үзіліп, интернет жылдамдығының төмен екені, шалғай елді мекендегі желі сапасына қатысты шағымдар жиі айтылады. Көпшілік интернетке төлейтін ақының сапасына сай емес екенін де жиі жазады.

Үй интернеті, Threads, интернет сапасы
Фото: Threads
Үй интернеті, Threads, интернет сапасы
Фото: Threads

Бұған дейін Қазақтелеком компаниясы 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауыл сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарын таныстырған.

Үй интернеті, Threads, интернет сапасы
Фото: Threads
Үй интернеті, Threads, интернет сапасы
Фото: Threads
Үй интернеті, Threads, интернет сапасы
Фото: Threads

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда пойыз бен ұшақта спутниктік интернет пайда болады.

Мақалаға реакция