Не болды?
Қостанай облысында 24 тонна этил спиртін ел аумағынан заңсыз тасымалдауға әрекеттенген азамат ұсталды. Прокуратура айыпталушыға айыппұл төлеуді міндеттеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Облыс прокуратурасының мәліметінше, Қарабалық ауданындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде заңсыз тасымал жасаған азамат анықталды.
Тергеу барысында жеке тұлғаның еліміздің оңтүстік өңірінен акцизделетін өнімді кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркемей және қажет лицензиясыз тасымалдағаны белгілі болды.
Салықтан жалтару үшін жүктің құжатында өнім «алма сірке суы» ретінде көрсетілген.
Айыпталушыға қылмыстық кодекстің 224-бабының 1-бөлігі бойынша, тіркеусіз және міндетті лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, ірі көлемде акцизделетін тауарды тасымалдады деп айып тағылды.
Қарабалық аудандық соты азаматты кінәлі деп танып, оған 200 АЕК көлемінде, 786 400 теңге айыппұл салДы. Сонымен қатар мемлекет кірісіне 24 тонна этил спирті өтті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Шымкенттегі дәмхана мен мейрамханалардан кальянға қатысты жарнама алынады. Шектеу әлеужелідегі жарнамаға да қатысты.
