Не болды?
Алматы-Шымкент бағытындағы ұшақ қолайсыз ауа райына байланысты Тараз қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Оқиға туралы рейс жолаушысының бірі әлеужеліде жазды. Желі қолданушысынң айтуынша, ұшақ әуелі шамамен бір сағатқа кешіккен. Кейін ұшу кезінде Шымкентте ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнап, қатты жел тұрған.
Ұшақ қонуға жақындаған сәтте шамамен 15 минут бойы қатты шайқалды. Кей жолаушы жылап, дұға оқыды. Бортсеріктер үнемі сабыр сақтауға шақырып, жағдайдың бақылауда екенін айтып отырды, – делінген Threads желісіндегі жазбада.
SCAT компаниясының түсіндіруінше, Шымкент әуежайына қону кезінде ауа райы күрт нашарлаған. Желдің екпіні секундына 24 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауған. Сонымен қатар желдің бағыты кенет өзгеруі мүмкін еді.
Осыған байланысты экипаж қауіпсіздік талабы бойынша ұшақты Тараз қаласындағы қосалқы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдаған.
Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ Таразда шамамен бір жарым сағат аялдап, ауа райы тұрақталғаннан кейін рейсті жалғастырған. Кейін әуе кемесі Шымкент әуежайына сәтті қонды.
Контекст
Неліктен кейде пойыз билеті ұшақ билетінен де қымбат? Мына жерден оқыңыз.
