Атап айтқанда, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз қалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың ауада керісінше, ыдырауына ықпал етеді.
Ал, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың атмосферада жиналуына ықпал ететін болады.
ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.