Астанадағы медқызметкерлер шетелге барып, тәжірибе шыңдайды

«Медицина саласында кадрлық саланы дамыту үшін 8 мыңға тарта медициналық қызметкерді оқыту көзделуде», — деді қала әкімі.

Әсет Исекешевтің айтуынша, бұған қоса медицина саласындағы үздік мамандар әлемнің озық елдерінде тәжірибесін шыңдайтын болады.

«105 маман Оңтүстік Корея, Израиль, Ресей, Финляндия мен Германия елдерінің үздік клиникаларында тәжірибесін арттырады. Сонымен бірге, медбикелерді Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде оқыту көзделіп отыр. Бұл қадам медициналық персоналдың көмек көрсету деңгейіне қосымша серпін береді», — деді әкім.

Дереккөзkazinform.kz