Елімізде алтын өндірісі артты

10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ биыл металлургия өнеркәсібінде ірі кәсіпорындар өндіріс көлемін арттырды.

Бірінші тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, тау-кен өнеркәсібінде 5,6% артты. Бұл түсті металдар кенін өндіру көлемінің 10,8% және темір кенін өндіру көлемінің 11,4%-ға өсуімен байланысты. Өткен жылдың және биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеу саласында 6,5%-ке тұрақты оң өсім болды. Отандық экономикадағы бұл оң үрдіс индустрияландыру саясатының арқасында қалыптасты.

«АрселорМиттал Теміртауда» болат өндірісі 7% (889,5 мың тонндан 951,9 мың тоннаға дейін), «Казхромда» ферроқорытпа 8% (437,3 мың тоннадан 471,3 мың тоннаға дейін),  «Казцинкте» қорғасын өндірісі 10% (33 мың тоннадан 36,5 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 12% (3,8 тоннадан 4,3 тоннаға дейін), сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясында мыс өндірісі 2% (55,4 мың тоннадан 56,4 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 6% (0,85 тоннадан 0,9 тоннаға дейін), «УКТМК» АҚ-да титан құймалары өндірісі 5%-ға өсті.

 

ДереккөзNaryk.kz