Алматыда ауладағы көлік тұрағы ақылы болмайтын болды

«Алматы қаласы әкімдігінде бұл туралы шешім қаралған жоқ, сондықтан тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының бомайтынын барша жауапкершілікпен айтамын. Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін біз абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, яғни тұрғындардың жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін», — деді Исахов.

Ол шлагбаум қойылған кезде арнайы көліктер — өрт сөндіруші, жедел жәрдем техникалары аулаға еш кедергісіз кіре алатынын жеткізді. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы осы жылдың екінші тоқсанында жаңа ереже жасау жоспарланғанын хабардар етті.

Айта кетерлігі, қалада соңғы екі жыл ішінде 700-ден астам, яғни әрбір бесінші алматылық аула жөнделді. 2018 жылы тағы да 500 аула жаңарып, балалар және спорт алаңдары пайда болып, тренажерлер ойын кешендері жұмыс істейді.

Дереккөзbaq.kz