Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Есіл ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылды.

«Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді», — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Дереккөзbaq.kz