Алматы қаласында қай жерлерде коньки тебуге болады?

Коньки тебу үшін арнайы мұз айдыны қажет. Алматы қаласында қай жерлерде коньки тебуге болады? Baribar.kz назарларыңызға Алматыдағы мұз айдындарының тізімін ұсынады.

«Медеу» мұз айдыны

Медеу мұз айдыны
©obk.kz

«Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Қаладағы ең үлкен мұз айдыны саналатын «Медеу» 10 000 шаршы метр жерді алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні мұз айдыны жабық болады, қалған күндері кіру құны ересектерге 1800 теңге, жастарға (13-23 жас) 800 теңге, 7-12 жастағы балаларға 400  теңге. 7 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлерге кіру тегін.

Егер өзіңіздің конькиіңіз болмаса жалға алу құны 33 размерге дейін 500 теңге, қалғандарына 1000 теңге. Естеріңізге сала кетейік, Chocolife.me көмегімен «Медеуге» 30 пайыз жеңілдікпен кіруге болады.

Mega Ice жабық мұз айдыны

Mega Ice мұз айдыны
©mirkuponov.kz

Mega Almaty ойын-сауық орталығындағы жабық мұз айдын алматылық тұрғындар үшін таныс шығар. Бұл жерде көркем гимнастикадан, мәнерлеп сырғанаудан, сондай-ақ хоккейден түрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Алайда, кіру және конькиді жалға алу құны мұнда қымбаттау. Жарты сағат сырғанау конькиді жалға алумен бірге 1100 теңгені, ал бір сағаты 1600 теңгені құрайды. Егер өз конькиіңізбен барсаңыз жарты сағатқа 800, 1 сағатқа 1100 теңге төлейсіз.

Almaty Arena мұз айдыны

Алматы Арена
©abctv.kz

Универсиада кезінде халықтың игілігіне берілген «Алматы Арена» спорт кешенінде үлкен мұз айдыны бар. Мұнда кіру құны сеансқа байланысты болады. Студенттерге, оқушыларға жеңілдік билеті бар. 11:00-13:00 аралығында жеңілдікпен — 300 теңге, жеңілдіксіз — 500 теңге. 14:00-16:00 аралығында жеңілдікпен — 500 теңге, ересектерге — 1 000 теңге.

Ал 17:00-19:00 аралығында әуесқойлар арасында хоккейен турнир өтеді. Трибунада тұрып жанкүйер болам десеңіз, мұз айдынына ақысыз кіре аласыз.

Ал кешкі сеанстың бағасы сәл қымбаттау. 20:00-23:00 аралығында жеңілдікпен — 1000 теңгеге, жеңілдіксіз — 1500 теңгеге кіре аласыз.

Halyk Arena мұз сарайы

универсиада объектілері Халық арена

«Халық Арена» мұз сарайы 3000 адамға арналған. Мұнда мінсіз мұз, әдемі әуен, жаңа конькилерді жалға беру қызметі бар. 11:00-13:00 аралығында балаларға кіру құны 300 теңге, студенттер мен ересектерге 500 теңге. 14:00-16:00 пен 17:00-19:00 аралығында балаларға 500, студенттерге 800, ересектерге 1000 теңге.

«Балуан Шолақ» спорт кешені

Балуан Шолақ спорт сарайы
©SPORTMAP.KZ

Коньки тебу үшін қаланың сыртына барудың қажеті жоқ. Орталықта орналасқан «Балуан Шолақ» спорт кешенінде де арнайы мұз айдыны бар. Мұнда ересектерге кіру құны 2000 теңге, студенттерге 1500 теңге, ал балаларға 1000 теңге. Конькиді жалға алу 500-1000 теңге аралығында.

Тегін мұз айдындары

Биыл «Спорттық Алматы» шарасы аясында Алматы қаласында төрт бірдей тегін мұз айдыны ашылды. Егер өзіңіздің конькиіңіз бар болса, күн сайын осы орталықтарға барып тегін сырғанап қайтуға болады. Ал конькиді жалға алатын болсаңыз, бар болғаны 600 теңге қажет.

Алматы қаласындағы тегін мұз айдындары орналасқан мекен-жайлар:

  • Тұңғыш Президент саябағы;
  • «Март» ойын-сауық орталығы;
  • Арбат;
  • «Спартак» стадионы.