Іле Алатауында қар қоры көп: сел қаупі бар

Қазселденқорғау мен Алматы ТЖД Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде аэровизуалды тексеру жүргізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мамандардың мәліметінше, Іле Алатауы аумағында қар қоры айтарлықтай көп. Қар сызығы теңіз деңгейінен 2600–2700 метр биіктікте тұрақтаған. Сонымен қатар мореналық көлдердің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр: су айдындары әлі де қар астында, су келу белгілері байқалмаған.

Дегенмен, мамандар қазіргі тұрақтылыққа қарамастан қауіптің толық сейілмегенін ескертеді. Қардың мол жиналуы мен ауа температурасының ықтимал өзгерістері алдағы сел қаупі кезеңінде жағдайдың күрделенуіне себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ахуал тұрақты бақылауда, мониториң штаттық режимде жалғасып жатыр.