Қостанай облысына өрт сөндірушілер жетіспейді

Осы күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 90-нан астам бос жұмыс орны бар. Құтқарушылардың қатарын толықтыру үшін 63 бірлік өрт сөндіруші, 28 бірлік өрт сөндіру көліктерін басқаратын жүргізушілер керек. Кадр тапшылығын шешу үшін қызметке қабылдау шаралары жүргізілуде.

«Құтқарушы боламын деушілерге қойылатын негізгі талап-шарттар да бар. Ниет білдірушілер, бірінші кезекте, 45 сұрақтан тұратын тестілеуден өтеді. Оладың 21-і дұрыс жауап болуы тиіс. Сол секілді, мемлекеттік тілді де жетік білулері тиіс. Оны тексеру үшін тағы 20 сұрақтық емтихан тапсырады», — деді облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов.

Сала мамандарының сөздерінше, кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Отан алдында өз борышын өтеп келгендерді де құтқарушылар қатарына қабылдау жоспары бар.

Тағы бір айта кетерлік жайт бұрын өрт сөндірушілер жұмысқа 18 бен 25 жас аралығында ғана қабылданатын болса, қазір 35 жасқа дейін құтқарушылық қызмет атқаруға рұқсат берілген.

Дереккөзinform.kz