Басты бетЖаңалықтарАдам ағзасына...

Адам ағзасына күнделікті қандай витаминдер қажет?

А витаминi

А витамині балаларда жеткіліксіз болса, дамуы тежеледі, жұқпалы ауруларға бейім болады. Сондай-ақ, ересек адамдардын көзі ауырып, көрмей қалуға дейiн апарып соғады.

  • Ересек адам ағзасына күніне 2,5-5 мг;
  • Екіқабат, бала емізетін әйелдер үшін 4-5 мг;
  • Кiшкентай балаларға 2-3 мг жесе пайдалы.
Балық майы 0,5-25 г
Сары май (жазғы) 5-30 г
Жұмыртқаның сары уызы 5-25 г
Қаймағы алынбаған сүт 125-500 г
Бауыр ет (жазғы) 1,0-2,5 г
Бауыр ет (қысқы) 8-14 г
Семіз ет 60-70 г
Салат 2-5 г
Сәбіз 5-13 г
Қызанақ 40-60 г

 

В витаминi

В витамині жетіспесе, тез шаршағандық, тамаққа көңіл соқпаушылық, күйгелектік пайда болады. Сондай-ақ, нерв қызметі бұзылады. Мұның бәрі асқынып бери-бери дертіне шалдықтырады. Ғалымдар тазартылған ақ күріштен пісірілген тамақты жиі пайдалантын адамдардың бери-беримен тез ауыратынын анықтаған.

©Xcook.info
  • 1-3 жастағы балаларда 0,85-1 мг;
  • 4-8 жастағы балаларда 1,5 мг;
  • 9-13 жастағы балаларда 3 мг;
  • ересек адамдар үшін күніне 2 мг жеткілікті.

В витаминi қандай тағамдардын құрамында кездеседi?

Ашытқы 11-41 г
Сұлы жармасы 200-300 г
Бидай наны 500-1000 г
Сиырдың бауыр еті 200-400 г
Жұмыртқаның сары уызы 180 г дейін
Қарақат 350-600 г
Картоп 625 г
Бұршақ 120 г

 

В витаминдер тобында РР витамині бар. Бұл витамин адам ағзасында жеткіліксіз болса, пеллагра ауруына шалдықтырады. Оның белгілері: адамның ауызы ойылады, сілекейі ағады, іші өтеді, денесіне бүртік шығады, ұйқыдан айрылады, ұмытшақтық пайда болады.

РР витамині мал етінде, бауырда (сиыр еті), балықта, қара нанда кездеседі. Елімізде өсетін бидайларда РР витамині мол. Мәселен, бір бидайда орта есеппен 50 мг РР витамині бар.

С витамині (аскорбин қышқылы)

Адам ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор. С витаминінің жеткіліксіздігінен, дінгене ауруы пайда болады. Соның салдарынан адам тез шаршайды, аяқ-қолы сырқырайды, тісі қызарып, бөртіп қанайды, ауыздан жағыссыз иіс шығады, денеде қызыл бөртік пайда болады, гемоглабині азаяды.

  • Ересек адамда С витамині 50-60 мг,
  • кішкентай балада 15-25 мг болуы керек.
  • Жалпы, С витамині балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге көбірек қажет.
©TutKnow.ru

Құрамында С витамині бар көкөністер мен жемістер

Қарбыз 220 г
Ақ орамжапырақ 20-80 г
Түсті орамжапырақ 30 г
Көк жуа 120 г
Сәбіз 330 г
Картоп 60-120 г
Көк бұршақ 60 г
Қызыл бұрыш 10 г
Редиска 180-200 г
Томат шырыны 30-60 г
Қызанақ 50-100 г
Лимон шырыны 40 г
Апельсин шырыны 30 г
Шие 130 г
Жидек 30-60 г
Малина 160 г
Мандарин 40 г
Өрік 120-200 г
Қарақат 13
Алма 60-400 г

 

Д витаминi

Д витамині негізінен балалар ағзасы үшін өте пайдалы. Ағзада бұл витамин жетіспесе, мешел ауруына шалдықтырады. Мешел ауруы кезінде баланың сүйектері иілгіш келледі, тісінің өсуіне кедергі болады.

Сондай-ақ, Д витамині күнделікті мөлшерден артық желінсе, ағзаға үлкен залал келтіреді. Ішi өтіп, салмақ жоғалтады.

©agushkin.ru

Д теңіз балығының майында, қаймағын алмаған сүтте, сары майда, ашытқыда, жұмыртқаның сары уызында болады.

Какао 0,00025 г
Сары май 0,001-,0008
Сүт 0,00025
Теңіз балық майы 0,37-0,4
Қаймақ 0,00125
Жұмыртқаның сары уызы 0,0125

 

Тамақты сақтағанда витаминдер бұзылады. Тұрақсыз суда еритін С витаминін сақтау үшін жемістер мен көкөністердің сыртқы қабығын жұқа етіп аршу керек. Тамақты эмаль ыдыста, көкөністерді қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл тамақ құрамында витаминдердің сақталуы үшін маңызды.