Ерлан Біләл
©youtube.com

«2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының тергеу соты «Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМКК директоры Ерлан Біләлге қатысты кепілдікке ақша қою шарасын қолданды. Сотқа дейінгі тергеу органы Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық-қайырымдылық шығармашылық қорының басшысынан 900 000 теңге пара алды деп күдіктеніп отыр. Олар 23.12.2017 жылы және 07.01.2018 жылы аралығында бірге театралды қойылым ұйымдастыру туралы шартқа қол қоймақ болған», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот Ерлан Біләлге 1 млн 205 мың теңге кепілге қойып, бостандыққа шығуына рұқсат берген.

«Кепіл қою шарасы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментіне қарасты тергеу тобы басшысының ұсынысымен қолданылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталды. Алайда оның әріптестері актердің мұндай қадамға барғанына сенбейді.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!