Оңтүстікте вирусты инфекция маусымы басталды

Жұқпалы аурулар емханасына күніне 50-60-тан астам науқас жедел жәрдеммен жеткізіліп жатыр.

Тұмау мен жедел респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққандардың көпшілігі балалар. Дәрігерлер тұрғындарға тұмаудың алдын алу үшін бірінші кезекте екпе жасатуға кеңес береді.

«Қыс маусымы жедел респературалық вирусты инфекция маусымы деп саналады. Науқастардан тұмауға қарсы сынамалар алынады. Ол сынамалардан вирустың басқа түрлері анықталып отыр. RS вирусы, парагрипптер шығып отыр.  Адане вирустық инфекциясымен аурып жатқандар да келеді»,- дейді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлнар Исабаева.

Дереккөз24.kz