Мамандар: Тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцина салу

Көрсетілген кезең ішінде тұмауға жатпайтын басқа да вирустарды жұқтырған 65 адам тексерілді, олардың арасында 4 аденовирус, 3 РС вирус, 10 бокавирус, 6 риновирус анықталды.

Спикерлер атап өткендей, тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцина салу. Өйткені вакцина осы эпидемиологиялық маусымда өршуі мүмкін тұмау вирусының түрінен сақтануға көмектеседі.

Жыл сайын Алматы қаласында жоғары қауіп тобына жататын азаматтардың барлығына салынады. Вакцина салу халықтың осы санатын вирустардан қорғап, айналадағы адамдарға аурудың жұқпауына жағдай жасап, аурудың асқынуы мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылы қауіп тобына жататын азаматтарға вакцина салу мақсатында «Гриппол плюс» (Ресей) вакцинасының 100000 дозасы жергілікті бюджет қаржысына сатып алынды. Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес  193199 қала тұрғынына немесе жалпы халықтың 11,1%-ына  тұмауға қарсы вакцина жасалды, олардың ішінде жоғарғы қауіп тобына жататын 100000 адамға (5,7%) жергілікт бюджет есебінен, 80079 адамға (4,6%) жұмыс беруші есебінен, 13120 адамға (0,7%) ақылы негізде вакцина жасалды.

Вакцина алуы тиіс халық контингенті ішінде: 14 жасқа дейінгі балалар саны – 38145 (егілген азаматтардың жалпы санының 19,7%-ы), медициналық қызметкерлер — 21546 адам (немесе 11,2%), жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі әйелдер – 7811 (немесе 4,1%). Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Жекеменшік медициналық орталықтарда тұмауға қарсы Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген вакциналар қолданылды.

Сондай-ақ, спикерлер ЖРВИ-ді алдын алып, ауруды жұқтыру мүмкіндігін барынша азайтуға мүмкіндік беретін профилактикалық шаралар жөнінде тарқатып айтып берді. Ондай шаралардың арасында қол гигиенасын сақтау (қолды сабынмен мұқият жуу), респираторлық гигиена (яғни түшкіргенде және жөтелген кездегі ережелер: ауыз бен мұрынды медициналық бетпердемен жабу, бір реттік орамалды қолдану, оны қолданып болған соң қақпағы бар шелекке бірден лақтыру және т.б.) туралы ескертілді.