Брифингте «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова, Aviata.kz компаниясының даму жөніндегі директоры және OpenIT қатысушысы Алексей Ли және «Кселл» Ақ В2В департаментінің директоры Вадим Лю спикер болып, жаңа жобаның артықшылықтары туралы түсінік берді.
Жаңа жобаның мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға веб-бағдарламалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру, олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына көмектесу.
CAMP (CustomersandMentorsProgram) — нақты тәжірибе бойынша оқыту бағдарламасы. Жоба қатысушылары тәжірибелі жетекшілер мен веб-әзірлеушілердің нұсқаулары бойынша клиенттердің тапсырыстарын орындайды. Қысқа мерзімге жоспарланған жедел практикалық сабақтардың бұл форматы жаңадан үйреніп жүрген веб-әзірлеушілерге базалық білім беріп, сұранысқа ие маман болып шығуға мүмкіндік береді.
«CAMP жобасын іске қосу — қазақстандық нарықты жоғары сапалы IT-кадрлармен толықтыруға бағытталған тағы бір қадам. Студенттер үшін өзінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Бизнестегі тапсырыстардың болуы оқу үрдісін одан да қызықты әрі пайдалы етеді», — деді Aviata. kz компаниясының даму жөніндегі директоры және OpenIT қатысушысы Алексей Ли.
CAMP бағдарламасы 2018 жылдың қаңтар айында басталады және қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 3 команда дайындалады, олардың әрқайсысы 3 ай бойы дамушы компаниялар мен ірі компаниялар, соның ішінде «Кселл» ұсынатын практикалық кейс бойынша оқытылатын болады. Жоба аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан қатысушыларға стипендия төлеуді көздейді.
«Биылғы жылы біз қазақстандықтардың тегін білім алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс жасадық. Біз Openu.kz Ашық университетін іске қостық, онда отандық жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары IT, телеком, робототехника және бизнес саласында өз курстарын өткізеді. Біз «Ситуациялық қазақ тілі» мемлекеттік тілді үйренуге арналған мобильдік қосымшаны іске қостық. Цифрлау процесі қазірдің өзінде біздің елімізде өмірдің барлық саласын қамтып үлгерді. Интернетпен сауда жасау күн сайын артып келеді. Интернет-дүкендерде тіпті супермаркеттер бар. Бұл ретте, қазақстандық нарықта жоғары білікті веб-бағдарламашыларға үлкен сұраныс және үлкен тапшылық бар. CAMP жобасы бұл мәселені шешуге бағытталып отыр. Сонымен бірге, біздің компания үшін ең үздік оқытушы мамандардан тәжірибе жинауға және еңбек нарығында кеңінен танымал болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге көмек көрсету өте маңызды«, — деді «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова.
Оқу аяқталғаннан кейін бағдарлама қатысушылары өнеркәсіптік деңгейде HTML және CSS жасап, JavaScript интерфейстерді бағдарламалай алады, тапсырыс берушінің талаптарына талдау жасайды, «аджайл» режимінде жұмыс жасайды және өз уақытында жасалынған жұмыстарды тапсырады, жобаланған дизайн-макетке сәйкес веб-өнімдердің прототиптерін әзірлейді. Ең бастысы, олар алған практикалық дағдылары мен білімдерін пайдалана отырып, кәсіби деңгейде жұмыс істей алады.