Астанада жаңа тағайындаулар болды

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді Ерғали Қуандықұлы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Жапаев Бақтыбек Бекенұлы Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды.

Қала әкімі оларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.

ДереккөзAstana.gov.kz