Әлемдегі ең кішкентай ұялы телефон жарыққа шықты

HypeBeast порталы Zanco Tiny T1 жобасы аясында шығарылған гаджеттің таныстырылымы түсірілген видеоны көрсетті. Телефонды Clubit New Media, Ltd компаниясы әзірледі. Оның ұзындыңы — 47 миллиметр.

Tiny T1 телефонына 300 адамның нөмірін, 50 хабарлама және соңғы 500 қоңырауды сақтауға болады. Онда оп-оңай қоңырау шалып, хабарлама жолдау мүмкіндігі бар. Телефонға nano-SIM салынады. Сондай-ақ байланыс құралы OLED-дисплеймен жабдықталған. Кішкентай телефон 13 дыбыстық тапсырманы орындайды. Ал батарейкасы үш күнге дейін жетеді.

Дереккөзbaq.kz