iPhone X смартфонының бағасы қанша болуы тиіс?

TechInsights сараптамалық агенттігінің мамандары iPhone X бөлшектерінің қанша тұратынын есептеп, алмалы гаджеттің негізгі бағасы қанша болуы керектігін жариялады.

Мамандардың бағасы бойынша, жаңа Apple өнімінің ішкі бөлшектері – 247 доллар, болаттан жасалған сыртқы корпусы – 36 доллар, дисплей – 65 доллар. Қорытындылай келе, мамандардың нұсқасы бойынша, iPhone X смартфонының негізгі бағасы 357 доллардан (117 мың теңге) аспауы тиіс.

iPhone X 3 қарашада әлемдік сатылымға шықты. АҚШ-та базалық модель 999 долларға сатылып жатыр. Ресейде жаңа телефонның жады 64 ГБ болатын смартфон бағасы 79 мың рубльден (1 350 доллар) басталады.

Басылым инженерлерінің мәліметінше, оныншы iPhone смартфонының ішкі құрылысына кеткен бөлшектер Apple Watch гаджетінен де аз.

IPhone X
©tengrinews.kz

Дереккөзtengrinews.kz