«Жас ғалым»

Baribar.kz биыл «Қазақстанның жас ғалымдары» атты жаңа жобасын іске қосқан болатын. Жоба бойынша еліміздегі 30-ға жуық жас ғалымдарды түгендеп, ғылыми жаңалықтарын насихаттадық. Олардың қатарында «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген кейіпкерлер де, ғарышқа спутник ұшырған жастар да, робот құрастыратын балалар да бар.

«50 жас кәсіпкер»

Біз Қазақстандағы жас кәсіпкерлерді түгендеуді әлі жалғастырудамыз. Мақсатымыз — еліміздің ең жас 50 кәсіпкерімен әңгімелесіп, кәсіп бастағысы келетін жастарға үлгі-өнеге көрсету. Қазір қоржынымызда 34 жас кәсіпкердің тәжірибесі бар. Келер жылы жоба кейіпкерлерін түгендеп аяқтау жоспарда бар.

«Болашақ чемпион»

Аталған жоба бойынша жарты жылда жиырмадан астам жас спортшылардың сұқбаты жарияланды. Жыл соңына дейін чемпиондық атаққа қол жеткізгендері де баршылық.

Мысалы, әуесқой кикбоксингтің үздігі, төрт дүркін әлем кубогінің иегері Абзал Дүсіпов жаз айында бізге берген сұқбатында Венгрияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалып жатқанын айтқан болатын. Жақында жас спортшы жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол Венгрияда өтетін Әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, 16 желтоқсан күні Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Абзал Дүсіпов
©Жеке мұрағаттан

Абзал Дүсіпов өзінің жақсы жаңалығымен бөлісіп қана қоймай, Baribar.kz оқырмандарына жаңажылдық тілегін де жолдады.

«Барша қазақстандықтарды, отандастарымды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 2017 жыл еліміз үшін табысты жыл болды. Спортшылар қауымы да Тауық жылында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа!» деп, жеті қазынаның бірі саналатын ит жылына аяқ басқалы отырмыз. Жаңа жыл тек қана жаңа бақыт, жаңа жеңіс әкелсін! Baribar.kz ұжымына тек шығармашылық табыс тілеймін. Оқырмандарыңыз көп болсын!»

«Біз түсіндіреміз!»

Картотекалық түсіндірме айдары ашылғанына көп уақыт болмаса да, оқырмандар арасында сұранысқа ие болып үлгерді. Осы уақытқа дейін ЖК немес ЖШС ашу, зейнетақыны есептеу, тұрғын үй алу, жеке куәліктегі аты-жөнді өзгерту және тендерге қатысу туралы мамандардан нақты ақпарат ұсындық. Бұл жоба келесі жылы да өз жалғасын таппақ.

Бәрібар
©baribar.kz

2017 жылдағы үздік материалдар тізімі:

  1. Тест: Қалыңдығыңыз қай жақтың қызы болады?

2. Қазақ дастарханындағы ұмытылып бара жатқан 5 тағам

3. “Адам баласы осындай қатыгез болады десе, сенбес едім…” Желтоқсаншы Несіпкүл Қалдыбайқызы неге кеш ақталды?

4. Стоматолог София Ансарова: Сіз білуге тиіс 7 критерий

5. TEDxAbayStWomen: Джулиана Карузо қазақ қоғамындағы әйел рөлі, тұрмысқа шығу, балалы болу туралы

6. Бет күтіміне арналған кеңес. Неден бастау керек?

7. Маңызды: Босанудан кейінгі күйзеліс туралы не білуіміз керек?

Baribar.kz 2017 жылы осындай шаралар атқарды. Ескі жылға өкпе жоқ, Жаңа жылға жоспар көп. Ал сіз baribar.kz-тен не оқығыңыз келеді? Ұсыныстарыңыз болса, мархаббат!

Жаңа жылыңызбен!