Басты бетЖаңалықтарӘл-Фараби мемлекеттік...

Әл-Фараби мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды

«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Қазақстандық іргелі ғылымды әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығаруға икемдеуші нақты ғаламның қасиеттерін сипаттайтын гравитация теориясын дамыту» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, университет жанындағы  «Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор — Рәтбай Мырзақұловқа;

2) «Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстандағы кенттену (Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының зерттеу материалдары негізінде)» тақырыбындағы жұмысы  үшін:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі — Карл Молдахметұлы Байпақовқа;

3) «Болат өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыр темірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, болат металлургиясы және материалтану зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты — Әбілқасым Балқияұлы Ахметовке;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директоры — Вадим Борисович Басинге;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының кеңесшісі — Михаил Федорович Витущенкоға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының кендерді байыту зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор — Айдархан Ахуанұлы Мұхтарға;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы — Альберт Павлович Рауға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана филиалының директоры, техника ғылымдарының докторы — Баймахан Нұрлыбайұлы Сәтбаевқа;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары — Владимир Иванович Яблонскийге;

4) «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Валерий Васильевич Бенберинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы — Әмір Амантайұлы Әхетовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Александр Евгеньевич Гуляевке;

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы — Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке; «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор — Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                 Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 28 қараша

№ 592