“8 наурыз қарсаңында жігіттердің барлығының көкейінде қыздарға не сыйлаймыз деген сұрақ жүреді. Бұл сұрақ эстрадада жүрген азаматтарымызды да мазалайтыны сөзсіз. Ендеше қыздарға не сыйлаймыз? Жұлдыздармен ақылдасып көрейік. Сонымен, WhatsApp желісі, жұлдызды чат”, – дейді жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

Видеода әнші Беркут қыздарды Дубайға, болмаса Малайзияға апаруды ұсынса, Қайрат Нұртас ресейлік жұлдыздармен концерт беруді алға тартады, ал Төреғали Төреәлі өзінің хитке айналған әнін айтып отырады.

Видео авторларының айтуынша, роликте аты аталған жұлдыздар желідегі “әңгімені” күлкімен қабылдапты.

“Әртістеріміздің әзілді көтере білетін қасиеті бар. Әрқайсысы роликтің үзіндісін өз парақшаларына салды. Ал көрермендер Instagram желісінде белсенді бөлісіп жатыр”, – дейді Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

4 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!