Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының тұсауы кесілді

Кітаптың тұсаукесері Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясында өтті. Ғылыми конференция ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кітаптың авторлары: М.Қасымбаеков, Б.Темірболат, Т.Шаймергенов. Авторлардың бірі Бақытжан Темірболат «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында кітаптың басты ерекшелігіне тоқталды.

Оның айтуынша, кітапта жас мемлекеттік табыстарын қамтамасыз етіп, қазақстандық күре жолдың негізін қалаған ҚР Тұңғыш Президентінің басқару шешімдерінің алгоритімдері нақты оқиғалармен және мысалдармен ашылады.

Бұл алгоритімді кітап авторлары «Назарбаев моделі» ретінде айқындайды.

Бақытжан Темірболаттың айтуынша, кітапта оқиғаларды талдау барысында заманауи басқару мектебінде көпшілікке танымал «кейс әдістемесі» бірінші рет кеңінен қолданылған.

«Кітап — ұжымдық жұмыс. Оның басты ерекешлігі «кейс әдістемесімен» жазылуында. Яғни, кітап Қазақстандағы нақты саяси шешімдер мен өзгерістерге жүгіне отырып, оның себептерін талдауға арналған. Мысалы, астанамыздың ауысуы, ядролық қарудан бас тартуымыз секілді күрделі мәселелер бойынша саяси шешім қабылдау кезіндегі Президенттің ұстанымы, көзқарасы мен оның жұмыс тәсілі суреттеледі. Меніңше, бұл — кітап ғалымдар мен студенттер үшін маңызды», — ҚР Президенті кеңсесі басшысының орынбасары, саяси ғылымдарының кандидаты Бақытжан Темірболат.   Кітапта «Назарбаев моделінің» негізгі жетістігі көрсетілген.

«Назарбаев моделі» мемлекеттік дамуына «жетістікке жетпеген бір жыл жоқ!»  деп сипаттауға болатындай серпін берді.  Бүгінде қомақты жетістіктерге қол жеткізген Қазақстан өзінің келешек мақсаттары мен міндеттерін тағы да бір сатыға жоғары көтерді. Оған қол жеткізуде уақыт сынынан өткен «Назарбаев моделі» ең жақсы сүйеніш бола алады», — дейді кітап авторы.

Сонымен қатар, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Әлем таныған Көшбасшы» атты кітап көрмесі ашылды. Онда Н.Назарбаевтың әлемнің бірнеше тілінде жарық көрген кітаптары қойылды.

Еске сала кетейік, Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасы ҚР Тұңғыш президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматыда көшпелі қор көрмесімен ашылған болатын. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке архиві, жеке кітапханасы және Музей қорының жәдігерлері қойылған. Көрме ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін ашық болады.

Дереккөзkazinform.kz