Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасын қабылдады

Кездесуде «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріліп, компанияның трансформациялану барысы туралы мәлімделді.

Төрағаның мәліметінше, биылғы кіріс көлемі 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құраған. Жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

ДереккөзInform.kz