Басты бет / Жаңалықтар /
Көлік, жол кептелісі
Көрнекі сурет

Ең сенімсіз автокөліктер анықталды

Сенімсіз автокөліктер рейтингін Chevrolet Camaro бастап тұр. Америкалықтар Chevrolet Camaro көлігінде трансмиссия, машинаны жүргізетін механизм мен электр мәселелері жиі болып тұратынын айтты.

Екінші орында – Mercedes-Benz GLC. Бұл көліктердің тежегіш жүйесі, рөлі мен аспасында ақау шығатын көрінеді.

Америкалықтардың көңілі толмайтын тағы бір көлік – Jaguar F-Pace. Бұл автокөліктердің де трансмиссия мен электр жүйесі жиі бұзылып, салонда шу болады.

Жүргізушілер Tesla Model X электрлі кроссоверінің осал тұстары ретінде бояу, әрлеу мен кузов элементтерін көрсеткен.

«Антирейтинг» ондығында GMC Acadia жол талғамайтын көлігі, Fiat 500 хэтчбэгі, Ford Focus пен Ford Fiesta, сондай-ақ Volvo XC90 мен Cadillac Escalade бар.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз