Қазақстандағы қолжетімді автокөліктер

Көптен бері көлік алуды жоспарлап жүрсіз бе? Олай болса, Қазақстандағы ең арзан автокөліктердің тізімін ұсынамыз.

Daewoo Matiz

Daewoo Matiz
©CarrrsMag.com

Daewoo Matiz — қолжетімді көліктердің бірі. Оны автокөлік базарынан 1 млн 559 мың теңгеге сатып ала аласыз. Жыл басында бұл автокөліктің бағасы 1 059 000 теңге болған.

LADA Granta

LADA Granta
©newauto.kz

LADA Granta автокөлігі қазақстандық автокөлік базарында сатылымы бойынша алдыңғы орындарда тұр. Ең қарапайым моделі 1 669 000 теңге тұрады. Бұл автокөліктің де Daewoo Matiz сияқты жайлылық жағынан кемшілігі болғанымен, қауіпсіздік жастығы бар.

Geely CK

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b 50 Қазақстандағы қолжетімді автокөліктер
©geely.ua

Geely CK — Қазақстанда құрастырылған жалғыз қытайлық автокөлік. Автокөлікті ресми дилерлері 1 млн 930 мың тенгеге бағалап отыр. Темір тұлпардың артықшылығы ABS пен желдеткіші бар.

LADA Kalina

Lada Kalina
©club-vesta.ru

Бағасының арзандығы жағынан 4-орында тағы да бір LADA автокөлігі тұр. Хэтчбектің негізгі құны 2 млн 13 мың теңгеге бағаланды. Негізгі артықшылығы қауіпсіздік жастығы бар.

LADA Priora

LADA Priora
©auto.mail.ru

Ең арзан машиналар тізімінде LADA Priora автокөлігі де бар. Бағасы 2 млн 38 мың теңге. Седанның 1,6 литрлі 16 клапандық моторы бар. Жиынтығында қауіпсіздік жастығы мен ABS бар. Сонымен қатар, орталық құлып, алдыңғы терезе көтергіші бар.

DAEWOO Nexia

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b 51 Қазақстандағы қолжетімді автокөліктер
©carexpert.ru

Келесі кезекте DAEWOO Nexia автокөлігі. Қазіргі уақытта бағасы 1 млн 996 000 теңгені құрайды. Бұл еш жиынтықсыз құны. Ал егер сіз толық жабдықталған автокөлік алғыңыз келсе 2 млн 500 мың теңгеге сатып алуыңызға болады. Толық жабдықтың ішіне қауіпсіздік жастығы, рульді күшейткіш, ABC кіреді.

DAEWOO Gentra

DAEWOO Gentra
©naRule.ru

Ал арзан автокөліктер тұғырында 7 орынға орналасқан темір тұлпар DAEWOO Gentra. Қазіргі таңда бұл автокөліктің бағасы 2 млн 595 мың теңгені құрайды. Бұл бағаның ішінде толық жабдықталғанымен қоймай ABC және қауіпсіздік жастықтары орналасқан. Ұзындығы 4 метр болатын автокөлікке АИ 91-ден жоғары жанармай қажет.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!