Аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің өңірлерінде жастарды журналистикаға көптеп тартуды көздеген болатын.
Шара барысында қатысушылар танымал тележүргізушілер Санди Сұлтан және Гүлназ Ауданбаевамен танысып, олар өткізген шеберлік класына қатысты. Эфирде өзін өзі ұстау, дауысты дұрыс қою, дұрыс сөйлеу, репортаж жасау секілді журналистиканың қағидаларын үйренді.
Жобаның екінші күн практикалық жұмыстарға арналды. Жастардың бір бөлігі арнайы тапсырма алып, эссе жазуға отырса, екінші бөлігі бейнекамера жанында сюжет түсіру жұмыстарына дайындалды. Қалғандары тележүргізушіге мәтін жазуға машықтанды. Одан әрі қатысушылар жұмыс кезінде жіберілген қателіктерді талдап, түсірілген материалды монтаждады. Семинардың соңғы күні арнайы түсірілген комиссия бес үздік қатысушыны анықтады. Олар Астана қаласында өтетін жас журналистер слетіне жолдама алды.