Көкшетауда білікті журналистер семинар өткізді

Олар әлеуметтік желілер мен интернеттің дамыған тұсындағы әлемдік медиа бренттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының отандық журналистикаға ықпалы жайлы айтып берді.

Семинардың көздегені – өзекті ақпаратты таңдап, оны тиімді пайдаланудың әдістемесін үйрету. Сондай-ақ журналистерді мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру.

Семинарға аймақтың барлық өңірінен түрлі басылымдарда қызмет жасайтын 20 — дан астам журналист жиналды.  Олар семинар-тренингтен күнделікті жұмысқа қажетті мол тәжірибе жинақтап қайтты.

Оксана Лоскутова мен Әсем Есілбаева бұған дейін де талай мәрте журналистер үшін арнайы оқыту семинарларын ұйымдастырған болатын. Астанадан келген қонақтар бұл тұрғыдағы іс-шараларды Қазақстанның бірнеше өңірінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.