Асылхан Төлепов үйлену тойына дайындалып жатыр

Көптеген арулардың кумирына айналған актердің жарының есімі Айсұлу екен. Ұзату тойы 8 қазанда болған. Актердің болашақ жары Балқаш қаласынан.

Ең жас депутат Асылхан Төлепов актерлік мансабын тастаған жоқ. Жасұлан Пошановтың «Сұңқар» және Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы» сериалдарына түскен ол бүгінгі таңда «Шыңырау» және «Финансист» деп аталатын кинокартиналарда ойнауда.

Жас жұбайлар қазір үйлену тойына дайындалып жатыр. Мереке естен кетпес жарқын болады деп күтілуде.