Көкшетауда тіл мерекесі аталып өтті

Алдымен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев мерекелік көрмені аралады. Ал өңірді мекен еткен өзге ұлт өкілдері жылы лебіздерін өз ана тілдерінде білдірді.

Бұдан кейін өңірде тіл мәдениетін сақтап, тілге жанашырлық танытып  жүргендерге алғыс хаттар табысталды. Олардың араларында жасы да, жасмысы да бар.  Еліміздегі қазіргі басты назардағы  оқиға латын қарпіне көшу көкшетаулықтарды да бей-жай қалдырмады.

Шара көркін әуезді әуен, әр ұлттың мың бұралған биі қыздыра түсті.  Осындай көпке үлгі болар мерекені қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған.

Жалпы, бүгінгі күні өңірдегі 170 мыңдай халықтың барлығы бір шаңырақ астында тату ғұмыр кешуде. Әрі  мемлекеттік тілге деген құрметі де жоғары.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да