Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Көкшетауда әскерилердің оқу-жаттығуы жиыны өтті

Оқу-әдістемелік жиынның барысында әскери қызметшілер аталған саланың озық технологияларымен таныстырылса, сарбаздарға психологиялық көмек көрсетудің қыр-сыры үйретілді. Бүгінгі ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — әскери қызметшілердің психологиялық ауытқуларының алдын-алу және өз-өзіне қол жұмсау деректерін мейлінше азайту болып табылады.

Шара барысында сарбаздарға  психологиялық көмек көрсету  үлгілері, сонымен қатар отбасындағы психологиялық келеңсіздіктер кезіндегі  түрлі мәселелер және  апатты жағдайға ұшыраған сарбаздарға алғашқы медициналық  көмек көрсетудің амалдары әдістемелік тұрғыда ұсынылды.

Оқу- әдістемелік шара барысында сарбаздар өз белсенділіктерін көрсете отырып,  кез-келген сынға дайын тұратын мықты сарбаздар екенін дәлелдеді. Іс-шараны сарбаздар флеш-мобпен аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *