Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

28 қыркүйек: жауын-шашын болады

Бүгін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, батыс және оңтүстік батыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік батыста тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 болып, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында да желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *