Әрбір бесінші тұрғын Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келеді

2017 жылдың өзінде оңтүстік өңірде 50 мың сәби туса, оның 33 мыңы Шымкентте өмірге келген.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындардың саны 2 млн 900 мыңнан асып түскен. Шым қаланың тұрғындары 950 мың адамды құрады.

Статистика деректері бойынша, елімізде өмірге келетін әрбір бесінші бала күнгей тұрғыны саналады.

Сондай-ақ жаңадан туылған нәрестелерге ат қою бойынша оңтүстік Нұрсұлтан есімін жиі қоятынымен ерекшеленіп отыр. Қазірдің өзінде өңірде тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл есім 10265 адамға берілген.

ДереккөзInform.kz