Сақтандыру қызметіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Отырыста ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев заңнамаға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты.

«Алғашқы өзгерісті онлайн сақтандыру жүйесін енгізуге қажетті нормативтік базаны әзірлеуден бастаймыз. Оның атықшылықтары көп. Өзгеріс енген соң жеке және заңды тұлғалар сақтандыру компаниясының кеңсесіне бармай-ақ, шаруасының бәрін ұялы телефон немесе компьютер арқылы бітіреді», — деді ол баспасөз мәслиxатында.

Екінші өзгеріс туристік қызметке байланысты. Енді шетелге шығатын туристің барлық мүлкі сақтандыруға жатады. Сапар кезінде нақты қауіп-қатерлердің тізімі де болатын көрінеді.

«Қазіргі заңнама бойынша турист қайтіп келіп, өз құқығын сотта дәлелдеуі тиіс. Ал қауіп-қатерлердің нақты тізімі болса, сақтандыру төлемақысын шетелде жүріп, ала беруге мүмкіндік бар», — деп атап көрсетті Бас банкир.

ДереккөзInform.kz