Туристерге арналған «Qazaqstan3d» жобасы таныстырылды

«Qazaqstan3d» қосымшасы – еліміздің шұрайлы жерлері туралы толық мағлұматты қамтыған әрі танымал туристік орындар 3D моделінде таныстырылады. Үш тілде мәлімет беретін бұл қосымша қазақстандықтармен қоса, шетелдік азаматтардың қауіпсіз саяхат жасап, барар бағытын анықтауына, қолайлы тұрақжай таңдауына көмектеседі. Ал, «Жеті қазына» қосымшасы қазақ халқының ертеден сақталған рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын дәріптемек.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов жаңа пайдалы ресурстардың жастарға көмегі мол екенін айтып өтті.

«Осындай пайдалы ресурстарды ашу арқылы біз рухани байлығымыз бен ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды кеңінен насихаттауға, жастардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, олардың арасындағы ІТ саласындағы білімін жетілдіруге ықпал етеді деген ойдамыз. Біздің қордың басты мақсаттарының бірі -еліміздегі талантты жастарға көмектесіп, қоғамдағы маңызды әлеуметтік жобаларға қолдау жасауға негізделген», -деп деп тоқталды ол.

Айта кетейік, аталмыш қосымшаларды кез келген адам Андройд және IOS платформасынан жүктеуіне болады.қосы