Медициналық сақтандыру қорындағы қаражат қайда сақталады?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімі шегерілсе де, жұмыс берушілерден жарнаны жинай беру туралы айтты, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

«Жүйені енгізу мерзімін ауыстыру ұсынылды. Біз қордың жұмысын, жұмыс берушілерден жарна жинауды жалғастыра береміз. Бірақ медициналық қызмет үшін төлемдердің мерзімі ауысуы мүмкін. Біз қазір мұны қайта қарастырып жатырмыз», — деді министр.

Осы уақытқа дейін жұмыс берушілерден жиналған қаражат Ұлттық банктің шотында сақталады.

Айта кетейік, сақтандыру қорындағы қаражатпен медициналық қызмет көрсету жұмыстары 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек еді.