Назарбаев Данияр Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа

Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы қаржы мекемесінің жұмысы туралы есеп берді. Баяндамадан кейін Президент министрлер кабинетінің мүшелеріне Данияр Ақышевты қорғап сөйледі.

«Менің ойымша, Ұлттық банк өткен жылы ауыр болғанына қарамастан, жақсы жұмыс істеді. Мен қазір банктің мүмкіндігін заңды деңгейде күшейту үшін тапсырма бердім. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктің ісіне араласу еліміздің қаржы жүйесіне араласу деп санап, жазалау керек. Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта Ұлттық банк төрағасын толық қолдайтынын айтты.

«Мұны акционерлер мен демеушілер жасайды, олар осы жерде отыр. Ешкімнен қорықпа, ешкімнен», — деді мемлекет басшысы Данияр Ақышевқа.

«Мына газеттер, журналистер, олардың иелері кінәлі — біз тәртіп орнатуға кедергі келтіріп жатқан сол иелерге қатысты шара қолданатын боламыз», — деді Президент.

«Егер біреу араласып, тиісіп жатса маған тегін айт», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Кейінірек Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні жария болған еді.

ДереккөзTengrinews.kz