Бүгін — Халықаралық бейбітшілік күні

Халықаралық бейбітшілік күні

Бұл атаулы күнді 1981 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. Халықаралық бейбітшілік күні соғыс болдырмауға, зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырады. Атаулы күн 2002 жылдан бастап атап өтіледі. 21 қыркүйек күні барлық елдерде әскери қимылдар жүргізілмейді.

Ағаш егу күні

21 қыркүйек — Бразилияда ағаш егу күні. Бразилия  ағаш отырғызу күнін жылына екі рет мерекелейді. Негізгі мереке 21 қыркүйекте атап өтіледі. Кей штаттарда климаттық жағдайларға байланысты шара наурыз айының соңғы аптасында мерекеленеді.

Ауаға зиянды заттарды шығармау күні

21 қыркүйек күні атмосфераға зиянды газдарды шығару мәселесіне қатысты халықтың назарын аудару үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Көктем күні

Бізде қыркүйек айы күздің басы болса, Оңтүстік жарты шарда көктемнің басталуы саналады. Сондықтан, 21 қыркүйек күні олар көктем күнін атап өтеді. Бұл мерекенің мемлекеттік мәртебесінің болмауына, ресми жұмыс күні болғандығына қарамастан бірқатар Оңтүстік Америка елдерінде кеңінен атап өтіледі.