Жекпе-жек шебері Арман Оспанов бразилиялық спортшымен кездесу өткізеді

«ALMATY ARENA» спорт кешенінде 9 қыркүйек күні халықаралық ММА турнирі өтеді.

«ALASH PRIDE — АСВ» — осы күздегі ең елеулі кәсіби аралас жекпе-жек жәрмеңкесі. ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, «Alash Pride FC» өкілдері — Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз Мурод Хантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегізбұрышқа  жалпы 15 жұп жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

Бұл кештің басты жекпе-жегі  — Арман «СҰҢҚАР» Оспанов  пен бразилиялық Тьяго «MANCHINHA» Луис Силва арасында өтеді.

Арман Оспанов —  әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы.

Айта кетейік, «ALASH PRIDE — АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. Ал UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталмыш жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ.

ДереккөзInform.kz