Амазонка өзенінің 9 миллион жаста екені анықталды

Бразильялық геолог Роберт Вентураның айтуынша, осыдан 9 миллион жыл бұрын Амазонка көл болған. Содан кейін ақырындап өзенге айнала бастаған.

«Қазір Амазонка құрғап бара жатыр. Оған судың жан-жаққа жайылып кетуі себеп болуы мүмкін»,- дейді ғалым.

Амазонка — Оңтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан әлемдегі ең суы мол өзен. Оның жағасында ең үлкен тропикалық орман бар. 2011 жылы өткен халықаралық бәйге нәтижесінде өзенге әлемнің жеті кереметінің бірі деген атақ берілген.

Айта кетейік, ғалымдар осыған дейін бұл алып өзеннің жасы 1-1,5 миллион жыл екенін айтқан еді.

ДереккөзTass.ru