21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды,  Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді.  Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с екпінмен жел соғады. Ауаның  температурасы түнде +10-12 градус, күндіз +21-23 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің күші — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С болады.