142 мемлекет БҰҰ-ны реформалауды қолдайды

Декларацияға қол қойған мемлекеттер БҰҰ бас хатшысы Антонио Гуттеришті реформа процесіне жетекшілік етуге шақырған. Декларация 10 тармақтан тұрады. Онда ұйымға мүше елдер арасында әріптестікті нығайту шаралары туралы айтылған. Құжатта БҰҰ-дағы кадр саясатын оңтайландыру мәселесін де қозғаған.

Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау процесіне қатысудан бас тартқан. Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер бойынша комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий мәлімдеген болатын.

БҰҰ Бас Ассамблеясы ашылар кезде АҚШ Президенті Дональд Трамп «бюрократия мен тиімсіз басқару, өте үлкен қаржы шығыны, тым көп қызметкер саны – Біріккен Ұлттар Ұйымын дамытуға бөгет болып отыр» деп мәлімдеген.

ДереккөзCentralasian.org