15 қыркүйек: күн жылынады

15 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Түнде 8-10 градус жылы болса, күндіз 22-24 градусқа дейін ысиды.

Ақмола облысында күн бұлтты. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 17-22 градус жылы болады.

Ақтөбе облысында күн ашық. Сынап бағанасы түнде 11-13 градус жылыны көрсетсе, күндіз 25-27 градусқа дейін ысиды.

Алматы облысында күн бұлтты. Түнде 6-11 градус, күндіз 20-24 градус жылы.

Атырау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнгі ауа температурасы 14-19 градус жылы, түнде 27-32 градус ыстық болады.

Шығыс Қазақстан облысында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Жамбыл облысында күн бұлтты. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12 градус, күндіз 23- 28 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында күн бұлтты, алайда жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді –15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17 градус жылы болса, күндіз 30 градусқа дейін ысиды.

Қарағанды облысында күн бұлтты. Түнде 6-11 градус жылы, күндіз +18,+23.

Қостанай облысында көшпелі бұл шығады. Өңір аумағында түнде 7-12 градус, күндіз 20-25 градус жылы болады.

Қызылорда облысында күн ашық болады. Түнде 10-15, күндіз 26-31 градус жылы.

Маңғыстау облысында ауа райы бұлтты. Ауа температурасы түнде 17- 22 градус жылы болса, күндіз 32 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында күн бұлтты. Түнде 3-8, күндіз 17- 22 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты. Сынап бағанасы түнде 7 -12 градус, күндіз 20-25 градус жылыны көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында күн ашық болады деп болжануда. Кей жерлерде жел күшейеді –15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-16 градус, күндіз 2732 градус жылы болады.